ҰОК басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

ҰОК басшысы қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады

ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев Қазақстан халқын Отан қорғаушылар күнімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Құрметті қазақстандықтар! Ұлттық Олимпиада комитеті сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды!

Біздің көптеген олимпиадашыларымыз Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери қызмет етеді. Олар бейбітшілік пен тәуелсіздікті күзетіп жүр. Үнемі жаттығу, шеберлікті арттыру арттыру және ең қиын міндеттерді орындауға үнемі дайын болу - осы қасиеттердің арқасында қазіргі Қарулы Күштердегі қызметтің беделі мен дәрежесі үнемі өсіп келеді.

Мен еліміздің барлық Отан қорғаушыларына өз міндеттерін мінсіз орындауын, ал отандастарымызға - елімізде бейбітшілік пен келісімнің сақталуын тілеймін.

Ізгі ниетпен», - деді Тимур Құлыбаев.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или