Қазақстандықтар бессайысшыларға арналған онлайн турнирдің финалына шыға алмады
Бессайыстың "Лазер хоум-ран" онлайн-жобасының финалына бірде-бір қазақстандық спортшы шыға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іріктеу кезеңіне төрт қазақстандық спортшы қатысқан еді. Олар: Елена Потапенко, Владислав Сухарев, Владислав Мищенко, Павел Ильяшенко.
Ең жақсы нәтижені 7-орынды иеленген Ильяшенко көрсетті. 7 мамырда өтетін жарыстың финалына алғашқы алты спортшы ғана жолдама алдв. Мищенко 12-орын алды. Сухарев 22-ші болды. Қазақстаннан жалғыз қыз, Потапенко, 16 жаста.
Айта кетейік, турнирге барлығы 800-ден астам спортшы қатысты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или