Қазақстандық киберспортшылардың командасы әлемдік рейтингте төмендеді

Қазақстандық киберспортшылардың командасы әлемдік рейтингте төмендеді

Қазақстандық киберспортшылар өнер көрсететін Virtus.pro командасы HLTV рейтингінде төмендеді.

Counter-Strike: Global Offensive командалары арасындағы HLTV жаңартылған рейтингісінде Virtus.pro 2 сатыға төмен сырғып, 22-ші орынға тұрақтады. Қазір бұл команда ESL One: One to Road - CIS турнирінің аймақтық іріктеу кезеңінде бақ сынап жатыр.

HLTV рейтингінің көшбасшылары:

1. Astralis - 847 ұпай<br />2. fnatic - 821 <br />3. Natus Vincere - 810 <br />4. mousesports - 799 <br />5. Liquid - 585 

Айта кетейік, Virtus.pro командасын үш бірдей қазақстандық ойыншылар – Дәурен Adren Қыстаубаев, Тимур buster Төлепов және Алексей qikert Голубев өнер көрсетеді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или