Қызылорда облысының спорт басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

Қызылорда облысының спорт басқармасына жаңа басшысы тағайындалды

<span style="color: #000000;">Қызылорда облысы әкімінің өкімімен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Оспанов Жақсылық Әбдімәлікұлы тағайындалды.</span>

<span style="color: #000000;">Жақсылық Әбдімәлікұлы 1972 жылы 28 маусымда Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген. 1994 жылы Қазақтың дене тәрбиелеу мәдениеті институтының «Дене тәрбиелеу мәдениеті, оқытушысы-жаттықтырушысы» мамандығы бойынша бітірген.</span>

<span style="color: #000000;">Еңбек жолын 1996 жылы Жаңақорған аудандық спорт клубының жаттықтырушысы қызметінен бастаған. </span>

<span style="color: #000000;">1997 жылы облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының жетекші маманы, 1998-2005 жылдары облыстық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының дене тәрбиесі сауықтыру және спорттық бұқаралық жұмыс бөлімінің жетекші маманы, 2005 жылы облыстық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің оқу-спорттық бөлімінің бас маманы, 2006-2016 жылдары облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының оқу-спорттық бөлімінің бастығы, 2016 жылы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или