Дзюдо

Олимпиада жүлдегеріне зорлық-зомбылық көрсетті деген айып тағылды

Олимпиада жүлдегеріне зорлық-зомбылық көрсетті деген айып тағылды
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан 2008 жылғы Пекин Олимпиадасының күміс жүлдегері Вак Ки Чунға жасөспірім қызға зорлық-зомбылық көрсетті деген айып тағылды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Наурыздың ортасында Тэгу полицей басқармасына оңтүстіккореялық дзюдошының үстінен арыз түскен, артынша полиция спортшыны іздестіре бастаған.

Келесі аптада бұл іс прокуратураға жіберілетіні хабарланды.

2009 жылы Ван Ки Чун түнгі клубта 20 жастағы қызбен жанжалдасып қалған соң тұтқындалған еді. Бірақ ол кезде спортшының үстінен арыз жазылмаған.

Ван Ки Чун 2008 жылы Пекин Олимпиадасында 73 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдеге ие болған еді. Сондай-ақ, ол екі рет әлем чемпионы атанған.

Чили теннисшісі допингпен ұсталды

UFC чемпионы көлікті мас күйінде жүргізіп, қарумен ұсталды

Роналдиньо жалған құжат пайдаланды деген күдікпен ұсталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер