Қазіргі бессайыстан 2020 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу жүйесі бекітілді
Халықаралық қазіргі бессайыс федерациясы (UIPM) 2020 жылғы Токио Олимпиадасына арналған жаңартылған іріктеу жүйесін жариялады.
<span>Қайта қаралған құжат бойынша, 2021 жылы Минскіде өтетін әлем чемпионатында автоматты түрде іріктеу бәсекесі жүзеге асырылады. </span>
<span>2021 жылдың 7-13 маусымы аралығында Беларусь астанасында өтетін әлемдік сында әр жыныс өкіліне үш орынға дейін квота беріліп, кейін қазіргі бессайыстан олимпиадалық рейтинг түзіледі. </span>
<span>Іріктеу жүйесі қарастырылған өзге де жарыстардың өту мерзімі мен кестесі 2020 жылдың мамырында анықталады. Сондай-ақ, әлем кубогінің барлық кезеңінде жинаған ұпайлар олимпиадалық рейтингке енеді және осыған дейін жолдама алған спортшылардың лицензиясы сақталады. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или