BWF Томас және Убер кубогының финалын қазан айына қалдырды
<span>Бүкіләлемдік бадминтон федерациясы Томас және Убер кубогінің финалдық кезеңдерін кейінге шегерді.</span>
<span> Дания үкіметі коронавирус пандемиясына байланысты тамыз айының соңына дейін елдегі барлық жарысты тоқтатқан. Соның ішінде бадминтоннан әлемдік дода да енген.</span>
<span>BWF мен Дания бадминтон федерациясының бірлескен шешімімен жарыстың өткізілу уақыты қазан айына қалдырылды. 3-11 қазан күндері Орхуста командалық жарыстар өтеді. Айта кетерлігі, аталған турнир әуелі 16-24 мамыр күндеріне жоспарланған болатын. </span>
<span>Одан кейін 15-23 тамызға шегерілді. Коронавирус падемиясына қатысты Данияда ірі жарыстар өткізілмейтініне байланысты жарыстың уақыты тағы да өзгертілді.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или