Олимпиада жолдамасының иегері карантинде немен айналысатынын айтты

 Олимпиада жолдамасының иегері карантинде немен айналысатынын айтты

Стенд атудан Қазақстан командасының мүшесі, Токио Олимпиадасы жолдамасының иегері Сәрсенкүл Рысбекова карантин уақытында медитация жасап, йогамен айналысып жүр. Бұл туралы спортшы шағын сұхбатында айтты деп жазады Prosports.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

 «Қазір барлық әлем спортшылары бірдей жағдайда тұрғаны рас. Әлем елдері індетке байланысты карантин жариялап, халық үйде оқшауланып отыр. Сол себепті, біздің жаттығу жүйеміз де біраз өзгеріске ұшырады. Үйде спорттық бабыңды ұстау қиындау, әрине. Сол себепті, йогамен айналысып, медитация жасап, үйде істеуге арналған жаттығуларды орындап жүрмін. Әзірге, жарыс қашан өтетіні белгісіз. Бәрі де індеттің беті бері қараған соң белгілі болмақ. Олимпиада ойындары келесі жылға ауыстырылған соң, біздің жаттығу үдерісімізге де біраз өзгеріс енеді», - дейді спортшы. 

Айта кетелік, Токио Олимпиадасы 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығында өтеді. <br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или