Басқа

Халықаралық садақ ату федерациясы қашықтан турнир өткізеді

Халықаралық садақ ату федерациясы қашықтан турнир өткізеді
news-banner7
mobile-news-top

Мамыр айында коронавирус пандемиясының кесірінен жарыстардың тоқтатылуына байланысты Халықаралық садақ ату федерациясы қашықтан турнир өткізуді қолға алды, деп хабарлайды Olympic.kz ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бірінші турнирге төрт ер және төрт әйел спортшы қатысуға шақырту алады. Іріктеу кезеңі 1 мамыр күні басталып, 9-17 мамыр күндері ойын өтеді. Жарыс жеңімпазы 1000 швейцариялық франк, ал жүлдегерлер 500 швейцариялық франкке ие болады. Жарыс мобильді телефоннан тікелей эфирде түсіріліп, федерацияның YouTube-каналы мен Facebook-парақшаларында тікелей эфирде трансляция жасалады.

COVID-19 індетіне байланысты халықаралық федерация күнтізбесіндегі барлық жарыс тоқтатылды. Қазіргі жағдайға қатысты садақ атудан физикалық тұрғыда шілдеге дейін ешқандай турнир болмайды», - делінген World Archery хатында.

Шахматтан онлайн турнир өтеді

Қарағанды облысының спортшысы тоғызқұмалақтан онлайн турнирде жеңіске жетті

Веложарыс виртуалды түрде өтті

«Астана» қорғаушысы кибербаскетбол кубогына қатысады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер