Басқа

Шахматтан онлайн турнир өтеді

Шахматтан онлайн турнир өтеді
news-banner7
mobile-news-top

ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының» ұйымдастыруымен жоғары оқу орындарының студенттері арасында тоғызқұмалақ, бес асық және шахматтан онлайн турнирлер өткізіп жатыр.

25 сәуірде шахмат сайтында (тіркеу уақыты 20-23 сәуір), 1-2 мамырда бес асық ойыны бойынша (тіркеу уақыты 27-30 сәуір) турнир ұйымдастырылады. Шахмат турнирі ғұлама Әбу Насыр Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл өткеніне орай өтеді.

Турнир Team Kazakhstan командасының техникалық және ұйымдастырушылық қолдауымен өткізіліп отыр. Team Kazakhstan командасы - әлемдегі ең ірі де танымал шахмат ресурсы chess.com сайтында әлемдік, Европалық және Азиялық лигаларда Қазақстанның атынан сайысқа қатысатын бірден-бір ұйым.

Жалпыға ортақтық Team Kazakhstan-ның ең үлкен басымдығы болып табылады. Яғни команда сапында елге танымал шеберлермен қатар көптеген әуесқой ойыншылар бар. Карантин уақытында бос уақытты пайдалы өткізудегі бұл мүмкіндік студенттер арасында зор қызығушылық тудыруда.

Қазіргі таңда, оқу орындарынан сайысқа қатысу үшін 120-дан аса өтінім келіп түсті. Олар - 50 ЖОО студенттері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер