Велоспорт

Веложарыс виртуалды түрде өтті

Веложарыс виртуалды түрде өтті
news-banner7
mobile-news-top

Фландрия турының ұйымдастырушылары коронавирус пандемиясына қарамастан жарысты өткізудің амалын тапты.

Жарысқа тек кәсіпқой велешабандоздар қатысты. Олар: Альберто Беттиоль (EF Pro Cycling), Грег Ван Авермат (CCC), Оливер Насен (AG2R La Mondiale), Яспер Стейвен (Trek-Segafredo), Майк Тениссен мен Ваут ван Арт (Jumbo-Visma), Зденк Штыбар, Ив Лампарт пен Ремко Эвенепул (Deceuninck-Quick Step), Тим Велленс пен Томас де Гендт (Lotto Soudal), Майкл Мэттьюс пен Николас Роч (Sunweb).

Жарыс виртуалды түрде өтті. Шабандоздар үй жағдайында веложаттығу құралымен жарысқа қатысқан. Bkool онлайн-платформасы Фландрия турының финалдық кезеңін толықтай виртуалды күйге ауыстыра алды. Осылайша 38 шақырымға созылған жарыста бельгиялық шабандоз Грег ван Авермат жеңімпаз атанды.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер