Танымал боксшының бапкері коронавирустан көз жұмды

Бірінші орта салмақта әлемнің экс-чемпионы Тони Харрисонның әкесі әрі бапкері Али Салаам коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sector.depo.ua порталына сілтеме жасап.
Боксшы қайғылы жағдай туралы Инстаграм-парақшасында жазды.
«Бұл сен үшін ауыр жекпе-жек болды. Сен оны соңына дейін жеткіздің, бірақ ол біздің пайдамызға аяқталмады. Біз өмір бойы қатар жүрдік, одан артық не болуы мүмкін? Қашан да оң қолым едің, енді демалуға уақытың бар, әке. Сенімен қоштаспаймын - әлі жүздесеміз», - деп жазды Харрисон.
Айта кетейік, Салаам 1984-2089 жылдар арасында жұдырықтасып, 18 жекпе-жекке шыққан. Оның ішінде 11-інде жеңіп, жеті кездесуде жеңіліп қалған.
<h4>Ағылшын боксшысының әкесі коронавирустан көз жұмды</h4> <h4>«Реал Мадрид» аңызы коронавирустан қайтыс болды</h4> <h4>Гвардиоланың анасы коронавирустан қайтыс болды</h4>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или