Грек-рим күресі

Тамерлан Шадукаев: Карантин өмірімді түбегейлі өзгертті

Тамерлан Шадукаев: Карантин өмірімді түбегейлі өзгертті
news-banner7
mobile-news-top

Грек-рим балуаны, 2020 жылғы Азия чемпионы Тамерлан Шадукаев Prosports.kz сайтына берген сұхбатында карантин кезіндегі жаттығулары туралы айтты.

- Тамерлан, карантинде уақытты қалай өткізіп жатырсыз?

- Үйде жаттығып жүрмін, гір тасын және штанганы қолдануға, турникте жаттығуларды жасауға тырысамын. Бізде үйде бірнеше жаттығу құрылғысы орналастырылған жертөле бар.

- Карантин кезіндегі жаңа шарттар қалай әсер етіп жатыр?

- Карантин менің өмірімді толығымен өзгертті. Мұндай жағдайда өзіңді басқа қырынан дамытуға тырысасың.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Тамерлан Шадукаев Нью-Делиде өткен Азия чемпионатында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальға ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
0
Пікірлер