2005 жылғы гимнастар Токио Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алды
<span>2020 жылғы Токио Олимпиадасы келесі жылға ауыстырылған соң, 2005 жылғы гимнастар Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігін алды. Бұл туралы Халықаралық гимнастика федерациясы мәлімдеді. </span>
<span>FIG ережесі бойынша Олимпиадаға қатысатын гимнастардың жасы 16-дан кем болмауы тиіс. Егер Токио Олимпиадасы биыл өтсе, 2005 жылы туғандар төртжылдық додасына қатыспайтын еді. Гимнастарды Токио ойындарына қатыстыру туралы шешім соңғы аптада өткен FIG отырысында анықталды. </span>
<span>Сондай-ақ, әлемдік ұйым Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі саналатын әлем кубогы мен құрлықтық турнирлерді ауыстыру жөніндегі жоспарын да талқылады. </span>
<span>Айта кетелік, бүгінде гимнастикадан 2020 жылғы Токио Олимпиадасына берілетін 324 квотаның 75 пайызы үлестірілді. </span>