Дзюдо

Айдын Смағұлов: Ұлттық құрама жапониялық маманмен дайындалып жатыр

Айдын Смағұлов: Ұлттық құрама жапониялық маманмен дайындалып жатыр
news-banner7
mobile-news-top

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Айдын Смағұлов ҚР ҰОК #ҮйдемізTeamKZ жобасының арнайы қонағы болды. Тікелей эфир барысында бас бапкер ұлттық құраманың Олимпиада ойындарына дайындалу үшін жапониялық маманмен бірлесе жұмыс атқарып жатқанын айтты.

"Олимпиада ойындары бір жылға шегерілді. Оыған дейін Олимпиада алдындағы маусымға тыңғылықты дайындалып, әр спортшыға арнайы жоспар құрған болатынбыз. Өкінішке қарай, Олимпиаданыың шегерілуіне байланысты жоспарымызды толық өзгертеміз.

Қазіргі таңда дзюдодан көш бастап тұрған елдердің тәжірибесіне сүйеніп, бас бапкерден бөлек әр салмаққа, әр спортшыға жауапты жаттықтырушыдан тағайындадық.

Мәселен, Елдос Сметовпен оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиев бірге жұмыс істейді. Бүгінде Елдосты Ғалымжан ағамыздай білетін маман жоқ деуге болады. Елдос қазір Ғалымжан Жылгелдиевтің толық бақылауында. Ғұсман Қырғызбаевтың жанында үнемі Насиев Ермек, Елдос Жұмақановпен тәжірибелі дзюдошы, Олимпиада ойындарының қатысушысы, бүгінде жаттықтырушы Шолпан Қалиева тікелей жұмыс істейді. Ерлан Серікжановқа оның жеке жаттықтырушысы Айдар Қайырбаев, Жансай Смағұловқа өзімен бірге бұрыннан келе жатқан маман Дәурен Адамбаев тікелей жауапты. Жеке бапкерлері жарыс пен оқу-жаттығу жиынынан бөлек басқа уақытта да қатаң бақылауда ұстайды. Серік Ақылбекке Қален Қалиұлы қараса, Дидар Хамзаға Марат Файзиев жауап береді. Марат Файзиев Дидардың жеке жаттықтырушысы, әкесі.

Қазір карантинге байланысты жаттығу залдары жабық болғандықтан, үйіне татами кіргізіп, жоспар бойынша жаттығуын жалғастырып жатыр. Руслан Мұсаевтың жеке жаттықтырушысымен Ақтауда, Ислам Бозбаев өзінің бапкері Дмитренко Сергеймен бірге жұмыс істеп жатыр. Айбек Серікбаев ауылда болса да жаттығуын әлі тоқтатқан жоқ. Ғалымжан Қырықбай жеке жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевпен жаттығады. Аса ауыр салмақта үміт артып отырған балуанымыз Ерасыл Қажыбаев жеке жаттықтырушысынан бөлек, жапониялық білікті маман Чихаро Шинтаромен бірге жұмыс істейді.

Жалпы, жапониялық маман Шинтаромен екі жылға жуық уақыт жұмыс істеп келе жатырмыз. Дзюдо күресінің бүге-шүгесіне дейін біледі, бәрінен хабары бар. Жапониялық ауыр салмақтағы балуандардың күресіне анализ жасап, қандай тактика қолданатынымызға нұсқаулық береді. Физикалық тұрғыдан қалай дайындалу керегін айтып, әр дзюдошыны жеке-жеке бақылайды. Осы уақытқа дейін Ислам Бозбаев, Дидар Хамза, Ерлан Серікжанов пен Жансай Смағұлов сынды балуандарға физикалық, тактикалық тұрғыдан бағыт-бағдар беріп, көп көмектесті.

Осындай өз ісіне адал, жауапты мамандардың көмегімен ұлттық құраманың болашағына сеніммен қараймыз.", - дейді бас бапкер Айдын Смағұлов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер