Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бекет Махмұтовтың отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бекет Махмұтовтың отбасына көңіл айтты

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан бокс және дзюдо федерацияларының экс-басшысы және AIBA-ның бұрынғы вице-президенті Бекет Махмұтовтың отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

«Бекет Сапабекұлы көптеген жылдар бойы елімізде спорттың дамуы үшін жемісті еңбек етіп, құрметті атаққа ие болды. Ол қазақ спортын жоғары деңгейге көтерген жоғары білікті жаттықтырушы ретінде тарихқа енеді. Ол өз айналасында өзінің сабырлы және байсалды мінезі үшін құрметті болды. Жаны жұмақта болсын», - делінген жеделхатта.

«Соңында Мемлекет басшысы Бекет Махмұтовтың есімі мен бейнесі халықтың жүрегінде мәңгі сақталатынына сенім білдірді», - деп жазды Берік Уәли.

Еске салайық, Бекет Махмутов 14 сәуірде 82 жасында қайтыс болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или