Трамп UFC және WWE президенттерін экономикалық кеңесшілер тобына қосты

Трамп UFC және WWE президенттерін экономикалық кеңесшілер тобына қосты

АҚШ президенті Дональд Трамп UFC басшысы Дэйна Уайтты және WWE про-рестлинг промоушны президент Винс МакМэнды өзінің экономикалық кеңесшілер тобына енгізді, - деп хабарлайды Prosports.kz Harcord.com сайтына сілтеме жасап.

Трамп пен Уайттың ескі достар екендігі белгілі. Дэйна сайлау науқанында Трампты қолдайды, ал Ақ үйдің қазіргі қожайыны қарызданып қалғысы келмейтіні анық.

Бұл туралы бірінші болып Fox журналисі Адам Слейтер хабарласа, Дэйна Уайттың өзі ESPN журналисі Бретт Окамотоға жаңалықты растады.

Уайт пен МакМэннен өзге сарапшылар тобына басқа да спорт лигаларының өкілдері кіреді, олардың қатарына Ұ<span>БА (Адам Сильвер), МЛБ (Роб Манфред), ҰФЛ (Роджер Гуделл), ҰХЛ (Гэрри Беттмэн) басшылары бар, </span>сонымен қатар кәсіпкерлер Роберт Крафт пен Джерри Джонс та кіріп отыр.

 

Фото Michael Ciaglo/Getty Images

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или