FISA алдағы он күн ішінде іріктеу турнирлерінің өту мерзімін анықтайды

FISA алдағы он күн ішінде іріктеу турнирлерінің өту мерзімін анықтайды

Халықаралық есу федерациясы академиялық есуде биыл өтуі тиіс барлық турнирлерді кейінге шегерді.

Бұған дейін академиялық есуден жасөспірімдер және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионаты, ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты, бүкіләлемдік есу турының өтпейтінін хабарлағанбыз.

FISA коронавирус індетіне байлансты тағы да мәлімдеме жасап, іріктеу турнирлер өтетін жаңа мерзімді алдағы он күнде анықтайтынын айтты.

"Олимпиада және Паралимпиада ойындары 2021 жылға ауыстырылған соң, FISA кеңесі 2021 жылғы маусымды және Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің жаңа мерзімін жоспарлауда", - делінген мәлімдемеде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или