Виртуалды ҚХЛ: Финалға шыққан командалар анықталды

Виртуалды ҚХЛ: Финалға шыққан командалар анықталды

ҚХЛ виртуалды Гагарин кубогын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Батыс конференциясының финалының төртінші матчында «Йокерит» (37 089 дауыс) мәскеулік «Динамодан» (27 218 дауыс) басым түсті. Сериядағы есеп 4-0.

Осылайша, «Салават Юлаев» пен «Йокерит» Гагарин кубогының финалына шықты. Уфалық клуб Шығыс финалында «Сибирьді» 4-0 есебімен жеңді.

Естеріңізге сала кетейік, Лиганың әлеуметтік желілерінде плей-офф ойындарының виртуалды матчтары дауыс беру түрінде өткізіледі, онда жанкүйерлер матч жеңімпазын таңдай алады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или