Батуттағы гимнастикадан әлем кубогы кезеңі өтпейтін болды

Батуттағы гимнастикадан әлем кубогы кезеңі өтпейтін болды

Халықаралық гимнастика федерациясы коронавирусқа байланысты батутта секіруден Швейцарияда өтетін әлем кубогы кезеңін кейінге шегерді. 

3-4 шілде күндері Швейцарияның Ароза қаласында өтуі тиіс турнир белгісіз уақытқа шегерілді. Биылғы маусымда батуттағы гимнастикадан әлем кубогының бір ғана кезеңі өтті. Спортшылар 15-16 ақпан күндері Әзірбайжанның Баку қаласында бақ сынаған болатын. 

27-28 маусым күндері Португалияда өтуі тиіс кубоктық кезең туралы әзірге нақты мәлімет жоқ. 

Халықаралық гимнастика федерациясы өзге де спорттық ұйымдар секілді тамыз айына дейін ірі турнирлерді тоқтатуды жөн санап отыр. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или