Әртістік жүзуден әлем кубогының сегіз кезеңі өтпейтін болды

Әртістік жүзуден әлем кубогының сегіз кезеңі өтпейтін болды

Халықаралық су спорты түрлері федерациясы (FINA) әртістік жүзуден әлем кубогының сегіз кезеңін өткізбейді. 

Биылғы маусымда әлемдік серия аясындағы бірінші турнир Парижде, 6-8 наурыз аралығында өтті.  Қалған сегіз турнир тоқтатылды.

Атап айтар болсақ, Хургада (Мысыр, 27-29 наурыз), Александропулис (Грекия, 3-5 сәуір), Будапешт (Венгрия, 10-12 сәуір), Қазан (Ресей, 17-19 сәуір), Сучжоу (Қытай, 23-25 сәуір), Мадрид (Испания, 29-31 мамыр), Рочестер (АҚШ, 12-14 маусым) және Виндзор (Канада, 18-20 маусым) қалаларындағы әлем кубогы кезеңдері ұйымдастырылмайды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или