Әлем футболы

«Ливерпуль» мемлекет қаржысын пайдаланбақ болғаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады

«Ливерпуль» мемлекет қаржысын пайдаланбақ болғаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады
news-banner7
mobile-news-top

«Ливерпуль» мәжбүрлі демалысқа жіберілген қызметкерлерге жалақыны өз бетінше төлейтін болып шешті, деп хабарлайды Prosports.kz.

4 сәуір күні клуб чемпионаттағы үзіліс кезінде жұмысшыларды уақытша босататынын мәлімдеді. Заң бойынша, Ұлыбритания билігі пандемия салдарынан табысынан айырылған жұмысшыларға жалақының 80% төлейді, ал «қызылдар» бұл мүмкіндікті пайдаланғысы келіп, клуб қызметкерлеріне жалақының тек 20 пайызын ғана өздері төлеуді жоспарлаған еді.

Клуб көпшіліктің ашу-ызасын тудырды: команданың жанкүйерлері мен бұрынғы ойыншылары кірісі мол клубтың не үшін мемлекеттің көмегіне жүгінгісі келіп отырғанын түсінбеді. 6 сәуірде «Ливерпуль» ресми мәлімдеме жасап, жұмысшыларға жалақыны өздері төлейтінін жеткізді.

«Біз өткен аптада дұрыс емес шешім қабылдамадық және ол үшін өкінеміз», - деп жазылған «Ливерпульдің» твиттердегі парақшасында.

Француз клубының коронавирусқа шалдыққан дәрігері өз-өзіне қол жұмсады

Sky Sports маусымның үздік командасына жариялады. Қақпашының позициясы таңқалдырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер