Жуковтың жалақысы екі есе қысқарды

Жуковтың жалақысы екі есе қысқарды
news-banner7
mobile-news-top

Краковтік «Висла» клуб футболшылары, бапкерлері мен қызметкерлерінің келісімімен жалақыларын қысқартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

Қызметкерлер мен ойыншылардың өздері Польша чемпионатының жалғасы басталғанша жалақысын екі есеге азайтуға келісімін беріп, арыз жазды. Бұл «Вислаға» турнирдің коронавирус кесірінен тоқтауына байланысты қаржылық қиындықтан құтылуға көмектеседі.

«Висладағы» басқа футболшылармен бірге жалақысын қысқартқандардың бірі қазақстандық Георгий Жуков болды.

Осы маусымда Жуков «Висла» сапында алты матч өткізген. 26 турдан соң «Висла» Польша чемпионатында 13-орында келеді.

Тевес: Футболшылар бір жыл жалақы алмаса да өмір сүре алады

«Астана» шабандоздардың жалақысын азайту туралы шешім қабылдады

Неміс клубының ойыншылары жалақы алудан бас тартты

Қазақстандық клубтар жалақы төлеуден бас тартып отыр

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер