Бокс

Мунгия Қанат Исламмен емес, Головкинмен кездескісі келеді

Мунгия Қанат Исламмен емес, Головкинмен кездескісі келеді
news-banner7
mobile-news-top

Бірінші орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Хайме Мунгияның (35-0, 28 KO) промоутері Фернандо Бельтран өз клиентінің орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альвареске қарсы титулды жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты, деп жазады Prosports.kz.

Бельтран бұл жекпе-жекті ұйымдастыру қиындық туғызбайды деп санайды. Өйткені Мунгияның қосалқы промоутері «Канелоның» ісін жүргізетін Golden Boy Promotions компаниясы.

- «Канело» Golden Boy компаниясының клиенті. Ал Мунгияның промоутері - мен және Golden Boy. Сол үшін де бұл жекпе-жекті ұйымдастыру қиын болмайды деп ойлаймын. Хайме жоғары деңгейдегі қарсыластармен жекпе-жек өткізгісі келеді. Мәселен ұлы «Канело» Альварес, Геннадий Головкин және Дэниэл Джейкобс. Егер бізде «Канеломен» ертең кездесуге мүмкіндігіміз туса, біз ертең-ақ бұл мүмкіндікті пайдаланамыз, - деді промоутер ESPN-ге берген сұхбатында.

Алайда Boxingnews24 газетінің шолушысы Шон Джонс Мунгия «Канеломен» кездесуге әлі дайын емес деп санайды. Оның айтуынша,Golden Boy мен Zanfer Promotions (Бельтранның компаниясы) Мунгияны басқыш бойынша дайындап, алдағы төрт жылда «Канело» немесе орта салмақтағы өзге мықты боксшылармен кездестіреді.

Естеріңізге сала кетейік, 23 жастағы Хайме орта салмаққа осы жылдың басында ауысты. Алғашқы жекпе-жегінде ирландиялық Гари О'Салливанды 11-раундта нокаутпен жеңді.

Жақында Мунгияның қазақстандық боксшы Қанат Исламмен (27-0, 21 КО) кездесетіні айтылған. Бұл жекпе-жек Сауль Альварес пен Билли Джо Сондерс кездесуінің андеркардында өтеді деп жоспарланған. Бастапқыда бокс кеші 2 мамырда Лас-Вегаста өтеді деп күтілген, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты кейінге қалдырылады.

Қанат Ислам бұрынғы әлем чемпионымен жұдырықтасады

Сауль Альварестің Сондерске қарсы жекпе-жегі өтпеуі мүмкін

Еуропалық боксшы Головкинмен болған жекпе-жегін еске алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер