«Карантин Премьер-Лига» 1/16 финал ойындарының қорытындысы

«Карантин Премьер-Лига» 1/16 финал ойындарының қорытындысы

Құрметті достар,  Prosports.kz<span> және</span><span> </span>QFantasy<span> ұйымдастырған «Карантин Премьер-Лига» онлайн турнирінің 1/16 финалы аяқталды. Сүйікті командаларыңызға жанкүйер болып, дауыс бергендеріңіз үшін алғыс айтамыз. </span>

<span>1/16 финал ойындарының қорытындысы: </span>

Тараз - Жетісу
Бұл екі команда арасындағы кездесу ең тартысты болды десек болады. Дауыс беру уақыты аяқталғанға дейін екі команда қатар келе жатты. Соңғы сәтте  183 дауыс жинаған (51%) талдықорғандық команда алға шығып, жеңіске жетті.  Тараздықтар 179 дауыс жинады. 
Ертіс - Астана
Елордалық команда 60 дауыстық басымдықпен жеңіске жетті. 
Қызыл-Жар - Ордабасы
ҚПЛ-ға жақында оралған петропавлдық ұжым еш мүмкіндіксіз шымкенттік командаға есе жіберді. «Ордабасы» 290 дауыс жинап келесі кезеңге өтті. «Қызыл-Жар» бар болғаны 81 дауыс жинады. 
Қайрат - Қайсар
Алматылық команда 66 пайыз (247) дауыс жинап, қызылордалық команданы шаң қаптырды. 
Каспий - Оқжетпес
ҚПЛ-ды сағынған ақтаулық жанкүйерлер командасына барынша дауыс берді. Ақтаулықтар 210 дауыс жинап, 155 дауыс жинаған көкшетаулықтардан басым түсті. 
Тобыл - Шахтер
Күтпеген жерден қостанайлықтар үлкен басымдықпен қарағандылық команданы жеңді. «Тобыл» 261 дауыс жинаса, «Шахтер» тек 107 дауыс жинаған. 
«Карантин Премьер-Лиганың» 1/16 финал ойындары осындай нәтижелермен аяқталды. Алда бізді 1/8 ойындары күтіп тұр. 1/8 финал ойындары ертеңгі күннен басталады. 
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или