Басқа

«Карантин Премьер-Лига» 1/16 финал ойындарының қорытындысы

«Карантин Премьер-Лига» 1/16 финал ойындарының қорытындысы
news-banner7
mobile-news-top

Құрметті достар, Prosports.kz және QFantasy ұйымдастырған «Карантин Премьер-Лига» онлайн турнирінің 1/16 финалы аяқталды. Сүйікті командаларыңызға жанкүйер болып, дауыс бергендеріңіз үшін алғыс айтамыз.

1/16 финал ойындарының қорытындысы:

Тараз - Жетісу
Бұл екі команда арасындағы кездесу ең тартысты болды десек болады. Дауыс беру уақыты аяқталғанға дейін екі команда қатар келе жатты. Соңғы сәтте 183 дауыс жинаған (51%) талдықорғандық команда алға шығып, жеңіске жетті. Тараздықтар 179 дауыс жинады.
Ертіс - Астана
Елордалық команда 60 дауыстық басымдықпен жеңіске жетті.
Қызыл-Жар - Ордабасы
ҚПЛ-ға жақында оралған петропавлдық ұжым еш мүмкіндіксіз шымкенттік командаға есе жіберді. «Ордабасы» 290 дауыс жинап келесі кезеңге өтті. «Қызыл-Жар» бар болғаны 81 дауыс жинады.
Қайрат - Қайсар
Алматылық команда 66 пайыз (247) дауыс жинап, қызылордалық команданы шаң қаптырды.
Каспий - Оқжетпес
ҚПЛ-ды сағынған ақтаулық жанкүйерлер командасына барынша дауыс берді. Ақтаулықтар 210 дауыс жинап, 155 дауыс жинаған көкшетаулықтардан басым түсті.
Тобыл - Шахтер
Күтпеген жерден қостанайлықтар үлкен басымдықпен қарағандылық команданы жеңді. «Тобыл» 261 дауыс жинаса, «Шахтер» тек 107 дауыс жинаған.
«Карантин Премьер-Лиганың» 1/16 финал ойындары осындай нәтижелермен аяқталды. Алда бізді 1/8 ойындары күтіп тұр. 1/8 финал ойындары ертеңгі күннен басталады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер