Халықаралық желкенді қайық спорты федерациясы әлем кубогын кейінге қалдырды
Желкенді қайық спорт түрінен халықаралық федерациясы коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы әлем кубоктарын кейінге шегерді.

Аталған дода Жапонияның Эносиме аймағында 14-21 маусым күндері өтуі тиіс еді. Халықаралық федерация мен Жапонияның желкенді қайық спорты федерациясы жарыстың өтпейтіні туралы ресми мәлімдеді. Халықаралық Олимпмада комитеті мен Токио-2020 ұйымдастыру комитетінің Олимпиада ойындарын бір жылға кейінге шегергеннен кейін осындай шешім қабылдаған.
Қазіргі таңда халықаралық федерация мен Жапонияның федерациясы жарыстың қай уақытта өткізілетінін талқылап жатыр.
Сонымен қатар, федерация 2020 жылдың 2 мамырында Лондонда жоспарланған кезектен тыс жиынын да кейінге қалдырды.