Нысана көздеуден әлем чемпионаты өтпейтін болды
<span>Спорттық атудан халықаралық федерация COVID-19 індетіне байланысты нысана көздеу және стенд атудан өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын шегерді. </span>
<span>Жасөспірімдер арасындағы әлемдік сын 11-19 шілде аралығында Германияның Зуль қаласында өтуі тиіс болатын. </span>
<span>Сонымен қатар, 2-9 маусым күндері Мюнхен (Германия) қаласында өтеді деп жоспарланған нысана көздеуден әлем кубогі кезеңі де белгісіз мерзімге ауыстырылды. </span>
<span>Ал мамыр айында Үндістанда өтуі тиіс нысана көздеу мен стенд атудан әлем кубогі кезеңдерін ауыстыру туралы мәлімдеме әлі шыққан жоқ.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или