Каратеден Азия чемпонаттары кейінге қалды
Коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылғы каратеден Азия чемпионаттары кейінге шегеріледі, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК ресми сайтына сілтеме жасап
<span>Ересектер, жастар, жасөспірімдер мен 21 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия біріншіліктері кейінге қалдырылып отыр. Аталған додалар 2021 жылдың қазан айына дейінгі уақытқа шегерілді. Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты 10-12 шілде күндері Кувейтте өтуі тиіс еді. Ал ересектер арасындағы құрлықтық біріншілік алғашқыда Балиде 4-6 қыркүйек күндері өтеді деп жоспарланған болатын. Ұйымдастырушылар COVID-19 эпидемиясының әлемдегі жағдайын ескере отырып, спортшылар мен қатысушылардың қауіпсіздігін қатерге тікпес үшін осындай шешім қабылдағанын айтты. </span>
<span>«Пандемияның өршуі бізге жарыс өткізуге мүмкіндік туғызбай отыр», - деген AKF ресми мәлімдемесінде.</span><br /><br />