Әлем футболы

Мбаппе алаяқтардың «құрбанына» айналды

Мбаппе алаяқтардың «құрбанына» айналды
news-banner7
mobile-news-top

«Пари Сен-Жермен» шабуылшысы Килиан Мбаппе алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөздің хабарлауынша, франциялық форвардтың есімі оның келісімінсіз Биткойн криптовалютасының жарнамасында пайдаланылған. Көптеген сайттағы криптовалюта жарнамаларында футболшының суреттері бейнеленген. Футболшы сотқа баруға ниеттеніп отыр.

Айта кетелік, Мбаппе Франция чемпионатының биылғы маусымында 20 матч өткізген, 18 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар, Чемпиондар лигасының 7 матчында 5 гол соқты. Ол париждіктермен 2022 жылдың жазына дейін келісімшарт жасасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер