Әлемге жасалған жақсылық. Стив Баллмер пандемиямен күреске 25 миллион доллар аударды
Лос-Анджелес Клипперс NBA клубының қожайыны Стив Баллмер мен оның әйелі Конни коронавирустық вакцинамен жұмыс істейтін ұйымдарға 25 миллион доллар көлемінде қайырымдылық жасайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Los Angeles Times жазды. Басылымның мәліметінше, бұл соманың едәуір бөлігі коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаның дамуын жеделдету үшін Вашингтондағы медицина университетінің төтенше жағдайларды жою қорына бөлінеді. Қалған қаражат Сиэттлге, Оңтүстік-шығыс Мичиган мен Лос-Анджелеске бағытталады.
27 наурызда АҚШ-та COVID-19-мен коронавирус жұқтыру оқиғаларының саны 100 мыңнан асты. Инфекцияның таралу салдарынан Нью-Йорк (37 мыңнан астам), Нью-Джерси (6,8 мың) және Калифорния (3,8 мың) штаттары көп зардап шекті. Америка Құрама Штаттары коронавирусты жұқтырғандар саны бойынша Қытай мен Италияны айналып өтіп, әлемде бірінші орында тұр.