Елімізде барлық спорттық шаралар уақытша тоқтатылды

Елімізде барлық спорттық шаралар уақытша тоқтатылды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың таралуына байланысты бүкіл елде төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақшасына және «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4, 5, 6-баптарына сәйкес қауы етемін:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының барлық аумағында  2020  жылғы  16  наурыздағы   08  сағат 00 минут пен 2020 жылғы 15 сәуірдегі 07 сағат 00 минут кезеңінде төтенше жағдай енгізілсін», – делінген Жарлық мәтінінде.

Президент төтенше жағдай кезінде ойын-сауық,  спорттық  және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салуды ұйғарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или