Басқа

Олимпияда алауын жағу рәсіміне 100-ге жуық адам ғана қатысады

Олимпияда алауын жағу рәсіміне 100-ге жуық адам ғана қатысады
news-banner7
mobile-news-top

Олимпияда алауын жағу рәсімі көрерменсіз өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Аталған салтанатты шара 12 наурыз күні Грецияда өтеді. Оған барлығы 100-ге жуық адам ғана қатысады. Тіпті БАҚ өкілдері де бұл шараға қатыса алмайды.

«Олимпиада алауын жағу рәсімі көрерменсіз өтеді. Оған Халықаралық Олимпиада комитеті мен Токио Ойындарын ұйымдастыру комитеті тарапынан аккредитациялаған 100 адам ғана қатысады», - деп мәлімдеді Греция Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, коронавирустың өршуіне байланысты барлық елде қауіпсіздік шаралары қабылданды. ДДСҰ мәліметтері бойынша, әлемде 100 мыңнан астам адам бұл індетті жұқтырған, оның 3,8 мыңнан астамы қайтыс болған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер