Басқа

Қазақстан Премьер-лигасының «фэнтези» ойыны пайда болды

Қазақстан Премьер-лигасының «фэнтези» ойыны пайда болды
news-banner7
mobile-news-top

ҚПЛ-дың жаңа маусымы басталар алдына сіздерге арналған тосынсыйымыз бар! QFantasy жобасы дайын!

Әлем бойынша миллиондаған адамдар ойнайтын «фэнтези» ойыны жайлы естіген боларсыз. Бұл ойынды ойнау үшін басты себеп :біріншіден ҚПЛ-дың жаңа маусымы басталуда, екіншіден бұл ҚПЛ үшін жасалған бірінші «фэнтези» ойын.

Бұл қандай ойын ?

«Фэнтезиде» қатысушылар футболшылардан виртуалды футбол клубын құрайды. Сол футболшылардың шын өмірдегі нәтижелеріне байланысты ұпай жинайсыз. Ең көп ұпай жинағандар құнды сыйлықтарға ие болады.

Ойын ережесі

Әр қатысушы өз футбол клубын құрады. Командасының атын қояды және қандай түстегі жейдеде ойнайтынын таңдайды. Кейін шартты түрде сізге берілетін 100 миллионға ойыншылар сатып алып, құрамыңызды жасақтайсыз. Әр футболшының жеке ісі болады. Олардың барлық статистикасы жазылып отырады. ҚПЛ-дың әр туры алдында сіз негізгі құрамды таңдап, капитанды белгілейсіз.

Басты мақсат футболшылардың қандай нәтиже көрсететінін таба білу. Маусым барысында көп ойнамайтын ойыншыларды сатып, жақсы формадағы ойыншыларды сатып алуға болады. Әр турда көбірек ұпай жинап, жарыс кестесінде жақсы нәтижеге ұмтылу керек.

Фэнтези ойыны қайда пайда болды ?

Ойынның бірінші нұсқасын 1991 жылы британиялық Fantasy League Ltd компаниясы шығарған. Ағылшын Премьер-лигасының алғашқы маусымында (1992/93) үлкен танымалдылыққа ие болды.

Ойынның жетістіктері

Қазіргі кезде бұл ойынды ғаламторы бар елдің барлығында ойнайды. 2016 жылы АҚШ-та фэнтези ойынын ойнайтын адам саны 59 миллионға жеткен. Қазақстанда «фэнтези» ойыны енді дамып келеді. Қазақстандықтар Чемпиондар лигасының фэнтезиін УЕФА-ның ресми сайтында ойнап жүр.

Қорытынды

Ендігі кезекте Қазақстан Премьер-лигасының «фэнтези» ойыны бар. Бұл қазақстандық жанкүйерлер үшін жасалған Қазақстандағы бірінші платформа. Өз командаңызды жасақтап, менеджер ретінде жетістікке жетіңіз.

QFantasy сайты:

QFantasy.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер