Коронавирус футзалшының өліміне себеп болды

Әлемдік спортта да коронавирустың алғашқы құрбаны пайда болды, деп хабарлайды Prosports.kz CGTN-ге сілтеме жасап.
Дереккөздің хабарлауынша, аурумен 10 күн күрескен Иран футзал командасының ойыншысы, 23 жастағы Ильхам Шейх қайтыс болды.<br />Еске сала кетейік, 27 ақпанда Италияда коронавирус алғаш рет кәсіби футбол ойыншысында анықталғаны белгілі болды. Вирус жұқтырған спортшының аты-жөні айтылмады, бірақ оның Сиена провинциясында тұратындығы және С Сериясында ойнайтын жергілікті клуб мүшесі екендігі анықталды. Сонымен қатар, Италияда вирус себебінен көрермендерсіз бірнеше матч өткізуге шешім қабылданды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или