«Ертіске» екі жаңа ойыншы келді

«Ертіске» екі жаңа ойыншы келді
news-banner7
mobile-news-top

«Ертіс» қорғаушы Андрей Хрипков және жартылай қорғаушы Кристиан Добраспен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы павлодарлық клубтың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстандық клуб 29 жастағы ресейлік қорғаушы үшін 300 мың еуро төледі. Ол «Зимбру», «Текстильщик», «КАМАЗ», «Нижний Новгород» және «Мордовия» командаларында доп тепті. Хрипков сонымен қатар Қырғызстанның жасөспірімдер және жастар құрамаларында өнер көрсетті. Ол мәскеулік «Динамоның» түлегі.

Ал 27 жастағы Добрас Хорватияда дүниеге келген, бірақ Австрия азаматы. Ол австриялық «Рапид» клубының түлегі. «Винер-Нойштадт», «Гредиг», «Штурм Грац», «Альтах», «Мельбурн» сынды командаларда бақ сынаған. Еуропа лигасының іріктеу кезеңде 9 матчқа қатысқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер