Семсерлесуден әлем кубогы: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Семсерлесуден әлем кубогы: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Канаданың Ванкувер қаласында өтіп жатқан шпагамен семсерлесуден әлем кубогі кезеңінде қазақстандық нояндар жеңіліс тапты. 

1/32 айналымда Оңтүстік Корея өкілі Сонг Джае Хомен кездескен Дмитрий Алексанин қарсыласқа 9:15 есебімен есе жіберді. 

Ал Вадим Шарлаимов испандық Евгений Гавалдадан ұтылды. Есеп – 13:15.  Турнир қорытындысы бойынша Алексанин 36-шы, Шарлаимов 43-ші орында. 

Айта кетелік, бұған дейін Эльмир Алимжанов пен Руслан Курбанов сынға түсіп, 1/64 айналымда ұтылған болатын. 

Енді қазақстандық спортшылар командалық жарысқа қатысады. Бүгін түнде басталатын бәсекеде Алексей Писцов шәкірттері Гонконг құрамасымен кездеседі. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или