Қазақстан – Бельгия матчының тікелей трансляциясы

Қазақстан – Бельгия матчының тікелей трансляциясы

Бүгін, 7 ақпанда Кортрейкте (Бельгия) Федерация кубогының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Бельгия құрамалары кездеседі, деп жазады Prosports.kz.

Бірінші жарыс күнін екі кездесу өтеді. Алдымен әлемнің 19-ші ракеткасы және Australian Open-2018 турнирінің жартылай финалисі Элиза Мертенс пен отандасымыз Зарина Дияс кездеседі.

Ал екінші матч әлемнің 115-ші ракеткасы Исалин Бонавентюре мен қазақстандық Юлия Путинцева арасында өтеді. Бұл екі теннисшінің жолы алғаш рет 2018 жылы түйскен болатын. Ол кезде бельгиялық жеңіске жеткен.

Дияс - Мертенс кездесуінің тікелей трансляциясы елорда уақытымен 21:30-да, Путинцева - Бонавентюре кездесуі 23:40-та басталады. Федерация кубогының ойындарын QazSport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Федерация кубогы: Қазақстан – Бельгия матчының жеребесі тартылды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или