Ауыр атлетика

Илья Ильин тағы да медальсіз қалды

Илья Ильин тағы да медальсіз қалды
news-banner7
mobile-news-top

Дохада ауыр атлетикадан лицензиялық турнир - Катар кубогы өтіп жатыр, сайысқа қазақстандық зілтемірші Илья Ильин қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Ильин 96 келіге дейінгі салмақта сынға түскен. Зілтемірші жарысты бесінші орынмен аяқтады. Жұлқа көтеруде 165 келіні еңсерсе, серпе көтеруде 200 келіні бағындырды. Екі жаттығу қорытындысы бойынша 365 келі медаль еншілеуге жеткіліксіз болды.

Естеріңізге салсақ, қыркүйектің аяғында Илья Ильин Паттайеде (Таиланд) 2019 жылғы әлем чемпионатын сәтсіз өткізген: қазақстандық атлет 13-орын алған болатын.

Ильин әлем чемпионатында сәтсіз өнер көрсетті

Илья Ильин: Отбасымды таңдағым келсе, солай жасар едім

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер