«Avangar» ойыншылары ресми түрде «Virtus.pro» сапына ауысты

«Avangar» ойыншылары ресми түрде  «Virtus.pro» сапына ауысты

Қазақстандық «Avangar» киберспорттық ұйымы ресейлік «Virtus.pro» ұйымымен келісімге келді. Ендігі кезекте cs:go ойыны бойынша «Avangar» сапында өнер көрсеткен киберспортшылар «Virtus.pro» намысын қорғайтын болады. Ол туралы қазақстандық «Avangar» киберспорттық ұйымы  өздерінің  инстаграм әлеуметтік желілерінде  хабарлады. 

 

Қазақстандық киберспорттық ұйым «Avangar» сапында өнер көрсеткен қазақстандық спортшылар Даурен Қыстаубаев, Алексей Голубев, Тимур Телеповтар, өзбекстандық Санжар Кулиев және ресейлік команда капитаны Джами Али барлық жарыстарда «Virtus.pro» киберспорттық ұйымының атынан өнер көрсетеді.  Жаңа құрамның алғашқы үлкен бәсекесі 17-22 желтоқсан күндері арасында Мәскеуде өтетін EPICENTER жарысы болмақ. 

Естеріңізге салатын болсақ «Avangar» командасы 2019 жылғы Берлинде өткен мажор турирінде екінші орынға ие болған, Мәскеуде өткен “Blast Pro Series” турнирінде жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или