Қазақстандық команда Қытайдағы турнирде бірінші орынды жеңіп алды
CS:GO бойынша қазақстандық «Syman Gaming» ұйымының құрамы NEST Pro Series 2019 чемпионы атанды. Команда 35 мың доллар көлемінде сыйлық пен жеңімпаз кубогын алды, деп хабарлайды Prosports.kz
NEST Pro Series 2019 үлкен финалында «Syman Gaming» қытайлық <span>«TYLOO» </span>командасымен кездесті. Өз аренасында ойнаса да қытайлық электронды спортшылар қазақстандық команданы жеңе алмады.
«Syman Gaming» <span>«TYLOO-ға»</span> қарсы кездесуді 2-0 есебімен өз пайдасына аяқтады. Ойын екі карта бойынша өтті.
Бүкіл матчта небәрі 13 раундта жеңілген қазақстандық команда NEST Pro Series 2019 жеңімпазы атанды. Қызықты факт: «Syman Gaming» бірде-бір картада қарсыластарына есе жібермей, турнирді аяқтады.
Сондай-ақ «Syman Gaming» ойыншыларының бірі Рамазан Рамз1к Башизов <span>Most Valuable Player</span> атағына ие болды - бұл номинациямен ең пайдалы ойыншыны марапаттайды.
NEST Pro Series 2019 турнирі 2019 жылдың 12-15 желтоқсан аралығында Қытайдың Сучжоу қаласында өтті. Чемпионаттың жүлде қоры 50 000 долларды құрады.