«Astana Motorsports» директоры 800 миллион ұрлады деген күдікке ілінді
"Astana Motorsports" командасының директоры және капитаны Артур Ардавичус 800 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деген күдікке ілінді, деді брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2-ші департаментінің бастығы Сергей Перов, деп хабарлайды zakon.kz.
Тергеу мәліметінше, Ардавичус ұрланған қаражатты шетелдік және қазақстандық компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, өз қалтасына салып алған.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2016-2017 жылдары Қазақстанда автоспортты дамытуға бөлінген қаражаттың ұрлануы бойынша тергеу жүргізуде. Перовтың айтуынша, "Astana Motorsports" командасының директоры және капитаны Артур Ардавичустың оқу-жаттығу жиындары мен жарыстар өткізу өтініштерін асыра көрсетіп, 800 миллионнан астам теңгені ұрлап кеткені анықталды.
Оның сөзінше, Ардавичус бұл қаражатты шетелдік және қазақстандық компаниялар арқылы шешіп алып, иемденіп алған.
Брифингте айтылғандай, Ардавичустың өзі бірнеше рет куәлік беруге шақырылған, алайда ол шетелде жүргенін айтып, келуден бас тартқан.
- Осы мән-жайларды және Ардавичус мырзаның қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын айғақтайтын жеткілікті негіздердің болуын ескере отырып, оған қатысты "қамауға алу" бұлтартпау шарасы сырттай санкцияланды. Халықаралық іздеу салу материалдары сотқа жолданды. Тергеу ұрланған қаражаттың нақты мөлшерін анықтауда, - деді Перов.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или