ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Республикалық спортына колледжіне барады

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Республикалық спортына колледжіне барады

Ертең 14 желтоқсан сағ 15.30-да Республикалық спорт колледжіне (Тимирязев, к 41) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Алматы қаласында орналасқан Республикалық спорт колледжіне барады.

Министр колледж ұжымымен кездесіп, белгілі спорт майталманы Дәулет Тұрлыханов атындағы балуандар залын ашады.  Колледж және мектеп оқушылары спорттың 16 түрінен жас аралықтары бойынша 78 Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, сәйкесінше 229 алтын, 192 күміс, 205 қола медаль жеңіп алды.

Анықтама: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты «Республикалық спорт колледжі» РМҚК – еліміздегі олимпиадалық резервтегі дарынды спортшыларға білім және тәрбие беретін, спорт саласында арнайы орта білімді мамандарды даярлайтын оқу орны. Қазіргі уақытта Колледждің 210 оқушы-студенті спорт түрлері бойынша ҚР құрама командаларының мүшесі болып табылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или