Жансель Дениз Мәскеуде жеңіліп қалды

Жансель Дениз Мәскеуде жеңіліп қалды

Бүгін Ресей астанасы Мәскеуде таеквондодан Гран-при турнирінің қорытынды бәсекесі өтуде. Аталған сынға Қазақстан сапынан үш спортшы шақырту алған болатын. Алайда, екі спортшымыз бірінші айналымда ұтылды. 

Жансель Дениз бірінші кездесуінде мексикалық қарсыласына 2:7 есебімен жол берді.  Смайыл Дүйсебай 3:10 есебімен әзірбайжандық спортшыдан ұтылды.

 Ал Руслан Жапаров алғашқы кездесуінде 10:8 есебімен нигериялық спортшыны жеңіп, жарысты жалғастыруда. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или