Головкин мен Роналду бірлескен жоба әзірлеп жатыр (фото)
Қазақстандық былғары қолғап шебері, атақты Геннадий Головкин мен әлем жұлдызы, португалиялық футболшы Криштиану Роналду Туринде бас қосты, деп жазады Prosports.kz.
Спорттағы серкелер ғаламат жоба әзірлеп жатқан көрінеді. Мұны DAZN стримингтік қызметімен бірлесе әзірлеп жатқан жоба екенін жұлдыздардың өзі Instagram парақшаларына жариялады. Бірақ нақты нендей жұмыс істеп жатқандары белгісіз. Мұны жанкүйерлерді қызықтыру үшін жұмбақ етіп отыр деп топшылаймыз.
<span>«Туринде @cristiano досыммен өткізген керемет күн. @daznglobal» қызметімен жаңа жоба дайындап жатырмыз, - деп жазды Геннадий жеке парақшасында.</span>
<span> Ал Португалия футболшысы «Ерекше досым екеуміз DAZN қызметімен бірлесіп, таң қаларлық жоба дайындап жатырмыз. Сені көргеніме қуаныштымын, GGG», - деп жазды.</span>