ҰОК Президенті қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

ҰОК Президенті қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады

ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті президенті Тимур Құлыбаев қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күнімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Құрметті қазақстандықтар, спортшылар, жаттықтырушылар, жанкүйерлер!

Ұлттық Олимпиада комитеті, олимпиадашылар қауымдастығы сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтайды! Бұл мерекеде біз үшін-бірлік, бейбітшілік пен келісім күні, Тәуелсіз Қазақстанның құрылған сәтінен бастап бүгінгі күнге дейін Тұңғыш Президентпен бірге өткен айтулы күнді еске аламыз. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы мен қолдауының арқасында тәуелсіз мемлекетіміз құрылғаннан кейінгі алғашқы айларда біз халықаралық олимпиадалық қозғалысқа қосылдық. Тұңғыш Президент әрдайым спортты дамыту, отандық атлеттерді қолдау мәселелеріне көп көңіл бөлді. Біздің спортшыларымыз бүгінде бүкіл әлем бойынша Ізгі ниет елшілері саналады, соның арқасында бүкіл әлем бойынша адамдар Қазақстанды танып, біздің елге келуге қызығушылық танытып отыр. Сіздерге алдағы уақытта да біздің туымызды жоғары ұстап, қазақстандықтар атағын абыроймен қорғап, спортта да, өмірде де олимпиадалық құндылықтар – теңдік, ынтымақтастық, бейбітшілік пен достық ілесе берсін.

Құрметпен, Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев», - делінген құттықтау хатта.<br /><br />

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или