Альварес екінші орта салмақ титулынан бас тартты

Альварес екінші орта салмақ титулынан бас тартты

Мексикалық боксшы Сауль Альварес екінші орта салмақтағы WBA Regular тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz Boxingnews24  порталына сілтеме жасап.

Канело - дәл қазіргі сәтте екі салмақ дәрежесі (орта және жартылай ауыр) бойынша әлем чемпионы. Оның алдағы жоспары туралы ештеңе белгісіз.

Сауль жалпы алғанда, өз мәнсабында 4 дивизионның титулдарын жеңіп алған болатын. Осындай жетістікке жеткен төртінші мексикалық екенін де атап өткен жөн. 

Еске сала кетелік, Альварес соңғы рет 2 қарашада рингке шығып, ресейлік Сергей Ковалевті нокаутқа түсірген еді. 

Порталдың жазуынша, WBA Regular белбеуіне Джон Райдер мен Леннокс Аллен таласуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или