Қазақстандық мергендер Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады
Садақ атудан Қазақстан командасы Тайланд астанасы Бангкокте өтіп жатқан лицензиялық Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады. Өкінішке қарай, классикалық садақ атудан қыздар командасына Олимпиада жолдамасы бұйырған жоқ.
Классикалық садақ атудан қыздар арасындағы жолдамаға таласқан Фарида Түкебаева, Алина Ильясова және Анастасия Банновалар лицензияға қол жеткізе алған жоқ. Ең соңғы мүмкіндікті иеленген Баннова үндістандық спортшылар 4:6 есебімен ұтылды.
Классикалық садақ атудан ерлер арасындағы сында Санжар Мұсаев 7-ші, Денис Ганькин 9-шы, Ильфат Абдуллин 17-ші орын иеленді.
Блоктық садақ атудан ерлер арасындағы бәсекеде Сергей Христич 9-шы, Ақбарәлі және Рустам Қарабаевтар 17-ші сатыдан көрінді. Блоктық садақ атудан қыздар арасындағы жарыста Адель Жексенбинова 6-шы, Диана Макарчук 9-шы, Виктория Лян 17-ші, Мария Өмірзақова 33-ші орын алды.
Айта кетелік, блоктық садақ атудан Қазақстан әйелдер командасы Азия чемпионатынан қола медаль иеленді.