Басқа

Минскіде жүзуден турнирдің алғашқы күнінде қазақстандықтар 8 медаль жеңіп алды

Минскіде жүзуден турнирдің алғашқы күнінде қазақстандықтар 8 медаль жеңіп алды
news-banner7
mobile-news-top

27-29 қараша аралығында Минскіде (Беларусь) екі дүркін Олимпиада чемпионы С.В. Копляков жүлдесі үшін жүзуден халықаралық турнир өтуде, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан атынан 49 спортшы қатысып жатыр.

Жарыстың бірінші күні қазақстандықтар 8 медаль жеңіп алды.

Алтын медаль жеңіп алғандар:

Әмірханова Қорлан - 50 м фристайл (00.26.52);

Абубакирова София - брасс 200 м (02.40.21);

Камзенов Айбек - 200 м брасс (02.13.63);

Ксения Игнатова - 400 м фристайл (04.24.66).

Күміс жүлдені 100 м қашықтықта Костенко Алина (03.01.13) және 50 м қашықтықта Царев Михаил (00.24.02) жеңіп алды.

Сондай-ақ, Қазақстанның 2 қола бар. Тасманова Диана 100 м қашықтықта үшінші орынға ие болды (03.01.161). Каракоз Диниель де 50 м фристайлдан (00.23.31) қола жүлдеге қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер