Садақ атудан Азия чемпионаты: Қазақстан командасы қола жүлдегер атанды

Садақ атудан Азия чемпионаты: Қазақстан командасы қола жүлдегер атанды

Бұл күндері Тайландтың Бангкок қаласында садақ атудан лицензиялық Азия чемпионаты өтіп жатыр.

<span>Құрлық біріншілігінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті. Блоктық садақ атудан Қазақстан қыздар командасы қола жүлдегер атанды.  </span>

<span>Ел намысын қорғаған Адель Жексенбинова, Диана Макарчук және Виктория Лян үшінші орын үшін өткен кездесуде Иран құрамасын жеңді. Есеп - 231:227.  </span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или